Испания Шенген келісімін уақытша тоқтатады

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Испания ЕО елдері арасында азаматтардың еркін жүріп-тұруы туралы Шенген келісімінің күшін 28 сәуірден 4 мамырға дейін Барселонада 3 мамырда Еуропалық орталық банк басшылығының отырысы өткізілуіне байланысты тоқтатады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Испания Шенген келісімін уақытша тоқтатады

Ведомстводағы дереккөздердің түсіндіруінше, қабылданған шешім Каталония астанасына  жүйеге қарсы қозғалыстардың бірқатар жақтаушыларының келуіне бөгет жасау мақсатында шекаралық бақылау енгізуді білдіреді, өйткені олар 3 мамырда көшеде тәртіпсіздік әрекеттеріне баруы мүмкін. «Біз Барселонаға, әсіресе Италия мен Грекиядан бақылауға мүмкіндік бермейтін элементтер келуі ықтимал деген мәлімет алып отырмыз», - деп түсіндірді министрлікте.

Испанияда Шенген келісімінің күші осымен екінші рет тоқтатылып отыр. Алғашқы рет 2004 жылы мұрагер ханзада Филипенің некеге отыруымен байланысты Мадрид осындай қадамға барған болатын.