Испания соты Мессиге үкім шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания Жоғарғы соты каталондық "Барселона" және Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиге 21 ай бас бостандығынан айыру түрінде айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Football Espana порталының Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

 Испания соты Мессиге үкім шығарды

Бұл ретте үкім Месси мен салықты жалтарды деп айыпталған оның әкесі Хорхенің түрмеде болуын көздемейді. Себебі Испанияда кез келген жазаны кемі екі жыл сынақ мерзімі ретінде өтеуге болады.

Еске салсақ, Месси мен оның әкесі өткен жылы маусымда 2007, 2008, 2009 жылдарда 4 миллион еуродан астам сомада салық төлемегені үшін айыпталып, сот алдында жауап берді. Әңгіме Мессидің жарнама келісімшарттары үшін алған ақшасы жайында. Месси өзі еш уақытта келісімді  толық зерделемегенін, бұл мәселені толықтай әкесіне сеніп тапсырғанын бірнеше рет айтқан болатын.

Бірқатар испандық БАҚ бітпейтін сот талқылауы салдарынан Месси «Барселонадан» кетуге, итальяндық немесе ағылшындық командалардың біріне ауысуға ниетті екеніне сенімді. Атап айтқанда, аргентиналыққа миландық "Интер" мен "Манчестер Сити" қызығушылық танытуда.