Испания үкіметінің төрағасы Каталониядағы референдумға қатысты ресми мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталонияда дауыс беру аяқталғаннан кейін Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Мадридте ресми мәлімдеме жасап, Каталониядағы дауыс беруді өзін-өзі билеу туралы референдум деп атаудан бас тартты, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Каталонияда дауыс беру аяқталғаннан кейін Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Мадридте ресми мәлімдеме жасап, Каталониядағы дауыс беруді өзін-өзі билеу туралы референдум деп атаудан бас тартты.

«Каталонияда өзін-өзі билеу туралы референдум өткен жоқ, - деп атап өтті премьер.

Үкімет басшысының пікірі бойынша, өңірлік биліктердің сепаратистік процесі «сәтсіздікке ұшырады».

Сондай-ақ, ол «көптеген каталондық халықтың плебисцитке қатысқысы келмегенін» хабарлады. 

Айта кетейік, Каталония үкіметінің ресми өкілі Жорди Туруль мәлімдеуінше, жексенбі күні Испанияның Каталония аймағында өткен референдумда тұрғындардың 90%-ы тәуелсіздікті қолдап дауыс берген. Каталония үкіметінің ресми өкілі баспасөз мәслихатында тәуелсіздік алу туралы бастаманы сайлаушылардың 7,8%- қолдамағанын, ал 2%-ының бюллетендері бос болып шықса, 0,89% - бүлінген деді.

Айта кетейік, Испан билігінің осы референдумға қатысты ұстанымын жариялады. Бұл дауыс берудің ешқандай заңды күші жоқ, себебі ол корольдіктің конституциясына қайшы келетіндігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум