Испания және Португалияда алғаш рет саңырауқұлақ дайындаудан байқау өткізілді
МАДРИД, 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Испания автономды қоғамдастығында Кастилия және Леон және Португалияда алғаш рет халықаралық саңырауқұлақтан жасалған жеңіл тамақ байқауы - I Concurso Hispanoluso Micogastronómico өткізілуде.
Кәнігі аспаздар табиғи жағдайда өсірілген саңырауқұлақтан ас әзірлейді.
Байқау 9 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Travel.
Үш сарапшыдан құралған қазылар алқасы әр қатысушы-аймаққа сыйақы тапсырмақ. Жеңіске жеткен мекемелерге саңырауқұлақтан жасалған жеңіл тамақ үшін ерекшелік белгісі тапсырылмақ.