Испанияда 130-дан астам әуе рейстері алынып тасталды

 АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ұшқыштардың ереуіліне байланысты Испанияның Iberia компаниясының 130-дан астам әуе рейстері алынып тасталды, деп хабарлайды Утро.ру.
None
None

Әуе компаниясының хабарлауынша, сапарға аттанбаған рейстердің жолаушыларына билеттерінің ақшасы қайтарылады. Әуе рейстерінің арасында бірнеше трансатлантикалық бағыттағы жолаушылар бар.

Iberia әуе компаниясының ұшқыштары бұған дейін ақпан айында төрт ереуіл өткізген болатын. Олар Iberia Express компаниясы жүзеге асыратын «төмен баға» желілеріндегі әуе қатынасының ашылуымен байланысты жұмыстың жаңа талаптарына қарсы шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар