Испанияда 64 жастағы әйел егізді дүниеге әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Бургос қаласында 64 жастағы әйел ұл мен қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Recoletas Burgos ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, оған кесір тілігі жасалған. Жаңа туған ұлдың салмағы 2,4 келі, қыз бала - 2,2 келі тартқан.
Дәрігерлер пациенттің есімін айтпады.
Жаңа туған егіздердің денсаулығы жақсы және өздерін жайлы сезінуде.