18:35, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Испанияда әлемдегі ең қымбат нан сатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Альгатосин ауылында «Pan Piña» наубайханасы ерекше өнімін 150 доллардан сатпақ, деп жазады Росбалт жергілікті басылымға сілтеме жасай отырып.
Бұл - ауылдың дәнді-дақылды ұны, ашытқысы, суына иленген, алтын үлпек қосылған бөлке. Нан бағасының шарықтатып кеткені де осы алтын үлпектің қосылғанына байланысты.
Наубайхана иесі Хуан Мануэль Морено алтын нан идеясы алтын үлпек қосылған ең қымбат кофе жайлы мақаладан кейін пайда болғанын айтады.
Ол алтынның нан дәміне еш әсер етпейтінін айтты, керісінше көптеген клиенттер алтынды ас қорыту үшін пайдалы деп санайды.
Нанның қымбаттығына қарамастан, наубайханаға күн сайын әлемнің түпкір-түпкірінен тапсырыс түседі. Ең қызығы, сатып алушылар арасында Ресей мен Қытай азаматтары басым.