Испанияда әскери ұшақ апатынан екі адам аман қалды, қалғандары көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні Airbus A400M ауыр әскери ұшағы Испанияның Севилья қаласының әуежайынан ұшып шыққаннан кейін бір минуттан соң апатқа ұшыраған. Ол жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 13.00-де Coca-Cola зауытынан бір шақырым жерде құлаған.

Испанияда әскери ұшақ апатынан екі адам аман қалды, қалғандары көз жұмды

Соңғы деректер бойынша ұшақ бортында 6 адам болған, оның төртеуі көз жұмып, тірі қалған екі адам ауыр жағдайда Севилья ауруханасына жеткізілді.

Апат салдарын тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды РИА Новости. Куәгерлердің айтуынша, Airbus A400M ұшағы апатты жағдайда қонуға тырысқанға ұқсайды, сол сәтте ол электр желісіне тиіп кеткен, бұл жағдай апатқа себеп болуы мүмкін. Оқиға салдарынан Кармона муниципалитеті жарықсыз қалды.