Испанияда әуе диспетчерлерінің жетіспеуі салдарынан 4 әуежай жабылды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарар - Испанияның авиациялық өкіметі әуе диспетчерлерінің жетіспеуіне байланысты төрт әуежайдың уақытша жабылғанын хабарлады.
«Науқастану себебі бойынша» диспетчерлердің жұмыс орындарында жаппай болмауына байланысты Мадридтегі Барахас» әуежайы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлады РБК.
Пальма-де-Майорка, Ибица және Менордағы әуежайлар да осындай себептермен ұшақтарды ұшыра алмай отыр.
Келіп түскен ақпараттар бойынша, аталған әуежайлардың диспетчерлері басшыларына «мазаларының болмай жатқанын» хабарлап, жұмыстарына шықпай қалған. Бірақ та, Испанияның Әуежайлар және әуе навигациясы басқармасы (AENA) өкілдерінің пікірінше, диспетчерлер осындай «қулықпен» жұмыс уақытын қысқартуға, жалақыны көтеруге және жеңілдіктердің сақталуына қол жеткізбек.
Жергілікті басылымдарға сілтеме жасап CNN компаниясының хабарлауынша, осының алдында испан үкіметі AENA басқармасын жартылай жекешелендіруге, сондай-ақ жекелеген әуежайларды жекеменшік операторлардың күшімен басқаруға мүмкіндіктер ашатын заңды мақұлдаған. Бұл заң сондай-ақ әуе диспетчерлерінің жұмыс уақытын есептеудің жаңа көрсеткіштерін белгілейді.