Испанияда автобус сайға құлап, 13 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстік шығысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап 13 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС.

Испанияда автобус сайға құлап, 13 адам мерт болды

Автобуста Мадридтен ауылына қайтып бара жатқан тұрғындар болған. Көлік жолдан шығып кетіп, сайға құлаған.

Сонымен қатар, құтқарушылар жараланғандарды жақын елді мекендегі аурухана жеткізген. Олардың нақты саны әзірге белгілі емес.