Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Испанияда баллон жарылып 80-ге жуық адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстік жағалауындағы Велес-Малага муниципалитетіндегі дәмханада газ баллоны жарылып 77 адам зардап шекті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Испанияда баллон жарылып 80-ге жуық адам зардап шекті

Андалусия медициналық қызметінің мәліметінше, қатты зардап шеккен бес адам ауыр халде ауруханаға жатқызылған. 

Оқиға жергілікті уақытпен кешкі 19:00-де қалашықтағы фестиваль кезінде болған. Бұл кент Малага туристеріне өте танымал жер.