Испанияда бармен 48 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық Астури автономды облысы Хихон қаласындағы экс-бармен 48 жылға сотталды. Ол әріптесін маскүнемдіктен емдеуге арналған дәрімен улауға әрекеттенген. Бұл туралы EFE агенттігі хабарлады.

Испанияда бармен 48 жылға сотталды

Белгілі болғандай, 57 жастағы ер адам 2005 жылдан 2012 жылдар аралығында үздіксіз өзінің 19 әріптесіне маскүнемдіктен емдеуге арналған препарат беріп келген.

Препарат әсері салдарынан қызметкерлер өздерін жайсыз сезініп, бастары ауырған. Жалпы ол кері әсер берген.

Айыптаушылардың айтуынша, испандық жұмыстағы бәсекелестерімен осылайша күрескен. Өйткені оған дейін бардың бірнеше қызметкерін «сапасыз қызметі» үшін жұмыстан шығарған.

Кінәлі, сонымен бірге, €62 мың айыппұл төлеуі тиіс.