11:31, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Испанияда дәстүрлі қызанақ «атысына» 22 мың адам қатысты - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Буньоль қаласында дәстүрлі қызанақ «шайқасы» болып өтті. Оған 22 мың адам қатысып, 140 тонна қызанақтың «көзін жойды», деп жазады щетелдік БАҚ.

Бұл фестивальдің тарихы 1945 жылдан басталады. Сол жылы аңызға негізделген алғашқы қызанақ атысы болып өткен. Бір топ жас қаланың мерекелік шараларынан тыс қалғаны үшін өз қарсылықтарын осылай білдірген екен. Содан бері бұл ойын жылда өткізіліп келеді.