Испанияда досының орнына емтихан тапсырған жасөспірім түрмеге қамалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Альмерия қаласында емтихан тапсыруда алаяқтық жасаған екі жасөспірім түрмеге қамалуы мүмкін, олардың бірі екіншісінің емтиханына кіріп тапсырған. Прокурор осындай қатал жаза қолдануды сұрады, деп хабарлайды The Local басылымы.
None
None

Жасөспірімнің бірі танысының құжатын алып оның орнына тест тапсырған. Емтихан құжаттарына досының атынан қол қойған.

Прокурор екеуіне әр күн сайын алты еуродан бір жыл бойы айыппұл төлетуді сұрады.

Емтихан тапсыруға әрекеттенгендердің қорғаушылары «Жаза өте қатал, өйткені жасөспірімдер түрмеге қамау үшін соншама ауыр қылмыс жасаған жоқ» деп мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар