Испанияда екі тонна кокаин жасырылған сүңгуір қайығы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық қорғаушылар бүгін Испанияда сүңгуір қайығын ұстады, оның бортынан екі тоннадан астам кокаин табылған. Бұл туралы El Pais хабарлайды.

Испанияда екі тонна кокаин жасырылған сүңгуір қайығы ұсталды

«Ұлттық полиция, азаматтық гвардия және кеден бақылау (DAVA) агенттері Колумбиядан Галисия жағалауына бет алған сүңгуір қайығын ұстады. Қайықтан 2000 келіден астам кокаин табылды», - делінген хабарламада.

Полиция екі адамды қолға түсірді. Бұл полициялық операция халықаралық ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда сүңгуір қайығын жағалауға әкелу шаралары іске асырылып жатыр.