Испанияда қанды ойын - корридаға тыйым салды - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет корридаға тыйым салынды, деп жазады Day.Az.
"Коррида - бұл спорт емес. Бұл ешқашан спорт болуға тиіс емес. Бұл қасірет... қасірет - бұқаның өлуі". Бұл Испанияда репортер ретінде алғаш бұқа мен адам жекпе-жегін тамашалаған кейін Эрнест Хэмингуэйдің жазған сөздері.
Бәріміз білетіндей, көптеген жылдардан бері коррида Испанияның төл өнері ретінде танылып келген. Ал, бірнеше күн бұрын осы ойынға тыйым салынды. Мұндай шешімнің қабылдануына соңғы сайыста қатарынан 3 матадор - бұқамен сайысқа түсушінің ауыр жарақат алуы себеп болыпты.
Көздері қанталаған бұқалар ешкімді де аямаған. Әсіресе, дүйім жұртқа аты мәшһүр Давид Мора есімді матадор басқасына қарағанда ауыр жараланған. Бұқа оның сан етіне үшкір мүйізін сұғып алыпты. Ойын соңына таман аренада да ешкім қалмаған. Сол себепті сайысты тоқтатуға тура келген.
Қарсылық білдірушілерге қарамастан жылына Испанияда 2000-дай бұқа мен адам жекпе-жегі өткізіледі екен. Корриданы қолдаушылар бұл ойынды ұлттық тарихқа тамырын бойлатқан көне өнер санайды.