Испанияда кассеталы бомбаларды жою зауытында жарылыс болды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Испанияның орталығындағы әскери зауыттардың бірінде төтенше оқиға орын алды. Кассеталы бомбалардың көзі жойылатын зауытта жарылыс болып, оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты, тағы төрт адам жараланды, деп хабарлайды Росбалт агенттігі.

Испанияда кассеталы бомбаларды жою зауытында  жарылыс  болды

Оқиға сенбі күні Мадридтің батысына қарай 175 шақырым жерде - Кастилия-Ла-Манча автономиялық өлкесіндегі Эль-Гордо қаласының маңында болған.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, жарылыс домнада болған сыңайлы. Қару-жарақтар жойылатын бұл зауыт Испанияның Қорғаныс министрлігіне қарайды.

Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.