Испанияда қазақстандық құраманың өнер көрсетуі Универсиадалардың бүкіл тарихындағы ең нәтижелісі болды - Қ.Зәкіриянов
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы Универсиада осы халықаралық жарыстар өткізудің барлық кезіндегіден біз үшін нәтижелі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстаннның студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Зәкіриянв айтты.
- Сіз Универсиаданың ұйымдастырылуы деңгейін қалай бағалайсыз?
- Испания экономикалық жағдайында 2015 жылғы универсиаданы өзі дербес өткізе алмас еді. ФИСУ (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) оған үлкен көмек беріп, Словакияға кейбір жарыстарды өткізуге өтініш жасады. Біз бүгінде көлікпен қамтуда, спортшыларды тамақтандыруда, өте көп қателіктер жіберілгенін көріп отырмыз, сондай-ақ жарыстарды ұйымдастыруда да белгілі бір проблемалар болды. Соған қарамастан, Испания қонақтарды лайықты қарсылады және менің ойымша көптеген адамдарда Испания туралы өте жақсы әсер қалатыны сөзсіз.
- Біздің құраманың өнері қаншалықты табысты өтті?
- Қазақстандық құраманың өнер көрсетуі туралы айар болсам, біз 1991 жылғы Америкада өткен додадан бастап, қатысып келе жатқан универсиадалардың бүкіл тарихында осы жолғы универсиада ең сәттісі болды деп айта аламын. Енді бүгін және ертең - екі күн ғана қалды. Ал Қазақстан жалпы медальдар есебінде екінші орында тұр. Біз бұл межені ұстап тұра алмауымыз мүмкін, дегенмен бестіктің ішінде қаламыз. Біздің бұған дейінгі жақсы жетістігіміз Инсбрукте болды, Австрияда - жетінші орыннан көріндік. 2011 жылы Бангкокте 11-ші орынға сырғыдық. Дегенмен жазғы Универсиадаға 150-160 ел қатысатынын ескеретін болсақ, - ондықта болудың өзі үлкен жетістік. Егер біз қысқы Универсиадаға қатысып жатқан елу елдің ішінде бесінші бола алсақ та - үлкен жетістік.
- Қазақстан спорттың қай түрлерінен жақсы өнер көрсетіп жүр?
- Әрине, біздің шаңғышылрымыздың өнері үлкен рөл атқарды. Спорт және туризм академиясының студенті Анастасия Слонова екі алтын меальді жеңіп алды. Алина Райкова биатлоннан алтын алды, менің студентім - Юлия Галышева могулде алтыннан алқа тақты. Тағы бір бірінші курс студенті Павел Колмаков та алтынға қол жеткізді.
Биатлон, шаңғы жарысы, фристайл спорты түрлерінен Қазақстан өзінің мүмкіндігін көрсете алды.
- Алдағы екі күнде қай елдер біздің алдымызға шығуы мүмкін?
- Тіпті Оңтүстік Корея бізден озатын болса, олар бір ғана спорт түрі - шорт-тректен дес бермейді. Бұл ұлттық корейлік спорт түрі, олар оны Олимпиадалық ойындар бағдарламасына, Бүкіләлемдік универсиадалар бағдарламасына енгізді және олар әрқашан да 8 алтын медальді қоржындарына сала алады.
Сол сияқты біз де Қазақстанда Азия ойындарын өткіздік, оның бағдарламасына шаңғыдан бағдарлауды енгіздік, бұдан біз бен ресейліктер ғана жақсы ойнайды, олар осы жолы қатыспағандықтан 8 алтын медаль біздің үлесімізге тиді. Ал тұтастай алғанда, қазақстандық спортшылар осы Универсиадада жақсы ойын өрнегін көрсетті, деп санаймын.
Бүгін ерлер хоккейінен жартылай финалдық кездесу. Біз Чехия құрамасымен сайысқа түсеміз, олар күшті құрама. Кеңес Одағы кезінен бері хоккей шберлері КСРО, Канада, Чехословакия, Швеция болғанын жақсы білесіздер. Бүгін чехтар жартылай финалға шықты, біз олармен кездесеміз. 2013 жылы өткен универсиадада біз финалға шықтық, бірақ та канадалықтардан ұтылып қалдық. Біздің спортшыларысмыз, міне, сондықтан да осында, Испанияда. 20 жыл бұрын шайбалы хоккейден қазақстандық құрама алтын медальді жеңіп алып еді. Сол табысты бұл жолы да қайталаса жақсы болар еді.