Испанияда көпір қирап, бес адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның солтүстігінде жаяу жүргіншілер көпірі құлап, бес адам көз жұмды, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі жазды.

Испанияда көпір қирап, бес адам мерт болды
Фото: app.com

Оқыс оқиға Испанияның Сантандер қаласындағы Эль-Бокаль жағажайының жанында болған.

Ағаш көпір жағажай мен Испанияның океанография институтын байланыстырып тұрған. Әзірге құрылыстың не себепті құлағаны белгісіз. Оқиға кезінде көпірде 7 адам болды. Барлығы ағынды суға құлаған. Салдарынан 5 адам көз жұмып, бір адам із-түзсіз жоғалды. Тек бір адам тірі қалды. 

Еске салайық, Конго Республикасында көпірдің опырылуынан 32 адам қаза тапты.

Бұған дейін Қытайда салынғанына бір жыл болмаған көпір қирады. Полиция көпірді құлардан бір күн бұрын көлік қозғалысын шектеп, толық жапқан.

«Оқжетпес» футбол клубы
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Оқжетпес» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді