Испанияда криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды

Казахстанцев задержали по подозрению в мошенничестве с криптовалютой в Испании
Фото: unsplash

АСТАНА. KAZINFORM – Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолн кесті, оларға криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.

Соңғы жаңалықтар