03:35, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Испанияда Lufthansa әуе кемесі ұшқышсыз басқарылатын ұшаққа соғылып қала жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурттан Бильбаоға бағыт алған Германияның Lufthansa компаниясына тиесілі Airobus A320 жолаушылар ұшағы қонуға жақындағанда үш пилотсыз басқарылатын ұшақпен соқтығысып қала жаздады, деп хабарлады izvestia.ru.

Испаниялық El País басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні болған, алайда ол туралы енді ғана жария бола бастады. Себебі, Испания полициясы дрондардың иесін іздеуді күшейткен.
«Әуе кемесінің ұшқыштары пилотсыз басқарылатын ұшақты 900 метр биіктен байқаған. Осы уақытта соғылмау амалын қолданғандықтан ұшақтың қонуы қиындады. Бортта барлығы 168 жолаушы келе жатқан», делінген дереккөзі таратқан ақпаратта.
Дрондардың иесін табу үшін полиция тікұшағы шығарылғанымен, олар табылмады. Егер оның иесі анықталған жағдайда, оған 250 мың еуро көлемінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, Испания заңдарында дрондарды елді мекенді жерлерде 120 метр биіктікте ұшыруға тыйым салынған.