Испанияда мыңдаған адам балығы қырылған тоған жағасында наразылық білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияның оңтүстік-шығысында Мар-Менор тұзды су айдынының 73 шақырым жағалауында қара киінген мыңдаған адам тізіліп тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Испанияда мыңдаған адам балығы қырылған тоған жағасында наразылық білдірді

Бұл оттек жетіспеушілігінен су айдынының бірнеше тонна фаунасы қырылғанына қарсылық акциясы еді.

Экологтардың ойынша, балықтың қырылуына жергілікті ауыл шаруашылығының суды химикаттармен ластауы себеп болып отыр. Ал жергілікті билік «балық ыстық ауа райынан қырылды» деп мәлімдеген.