Испанияда өтіп жатқан 93-ші Каталония турына қатысатын Astana Pro Team велошабандоздарының есімі

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Astana Pro Team велошабандозы Якоб Фульсанг өз бабына келіп, Испания жолдарында өтіп жатқан 93-ші Каталония турына қатысуда. Естеріңізде болса, Якоб асқазаны ауырып, Париж-Ницца көпкүндігінің жарыс жолынан шығып қалған болатын, деп хабарлады команданың ресми сайты.
None
None

Фульсангқа итальяндық әмбебап велошабандоздар Валерио Аньоли мен Франческо Гавацци көмектеседі. Апталық жарыс наурыздың 18-і мен 24-і аралығында өтіп, 3-ші және 4-ші кезеңдер таулы аймақта өтеді. Ал Барселонада олар айналмалы жолмен Монжуик тауына 8 рет шығады.

Astana Pro Team құрамы:

Якоб Фульсанг (Дания).

Валерио Аньоли (Италия).

Фабио Ару (Италия).

Александр Дьяченко (Қазақстан).

Андрей Кашечкин (Қазақстан).

Франческо Гавацци (Италия).

Андреа Гуардини (Италия).

Егор Силин (Ресей).

Команда штаты:

Спорттық директор Дмитрий Седун.

DS Дмитрий Фофонов.

ME Хиль Родригес.

DR Ракел Ортолано.

ME Хавьер Манеро.

MA Юрий Кулишкин.

MA Хуан Пухол.

ME Джонатан Серра.

MA Риккардо Алессио.

ME Рафаело Фалапа.

Соңғы жаңалықтар