Испанияда пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі алынды

МАДРИД. ҚазАқпарат – Испан билігі коронавирустың таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатты. Енді кез келген жерде маскасыз жүруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Испанияда пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі алынды
Фото: AP Photo/Joan Mateu

Испания үкіметі COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын ресми мәлімдеді.

Билік өкілдері азаматтар енді медицина орталықтары мен дәріханаларда маска тақпаса болатынын айтты, бірақ респираторлық ауру белгілері бар адамдар қоғамдық орындарға барғанда және медицина қызметкерлеріне маскадан бас тартпауды ұсынды.

Кейінгі екі жылда Испания ковидке байланысты шектеулерді біртіндеп жеңілдетіп отырды.

Пандемия кезінде елде 14 миллион коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. COVID-19-дан 122 мың адам қайтыс болды.