Испанияда польшалық миллиардер қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшалық миллиардер Пьер Конрад Дадак өзін Гвинея-Бисау премьер-министрінің кеңесшісі ретінде таныстырып, Ибицада тұрған.
Тінту барысында одан жалған дипломатиялық құжаттар табылды. Полиция ақпаратынша, ұсталған азамат Оңтүстік Суданға шамамен 200 мың Калашников автоматын, бірнеше зымыран жабдығы мен танк жөнелткен. Оларды Шығыс Еуропадан сатып алған, деп жазды life.ru.
Осыған дейін Дадак Польшада әскери шенеунік болған, алайда қызметінен кеткен соң Ибицаға көшеді.