Испанияда Telegram уақытша бұғатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның Жоғарғы соты Telegram мессенджерін медиакомпаниялардың контентті рұқсатсыз жүктеп беретіні үшін арыздануына байланысты Telegram-ды бұғаттады. Бұл туралы Reuters хабарлады. 

Испания
Фото: Pyxabay.com

Испанияда Telegram жұмысы Atresmedia, EGEDA, Mediaset және Telefonica компанияларының өтінішіне сәйкес, уақытша 25 наурызға дейін тоқтатылды. 

Судья Сантьяго Педрас талап-арыз тексерілгенше, Telegram-ның қызметін тоқтатуға келісімін берді. Соттың хабарлауынша, мессенджердің жұмысын бұғатттау мобильді байланыс операторларына жүктелген. CNMC антимонополиялық ведомствоның мәліметінше, Telegram Испаниядағы танымалдылығы жағынан төртінші орындағы сервис. Оны испандықтардың  19% пайдаланады.

 

Соңғы жаңалықтар