Испанияда толассыз нөсер жауып жатыр
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат Қыркүйек айы Испанияға нөсер жауын алып келді. Толассыз жауған нөсердің салдарынан елдің шығысында су тасқыны орын алды. Ондаған қаланы су басып қалды, жолдар - әсіресе еңістерде орналасқан жолдар судың астында қалды,
деп хабарлайды РТР-Вести.Ru басылымы.
Метеорологтардың мәліметтері бойынша, жағдай жақын күндері ушықпаса, жақсара қоймайды. Жергілікті өкімет тұрғындарды ағымдағы аптада жаңа нөсер күтіп тұрғаны жайлы ескертуде. Испанияның жағалаудағы аудандарында теңіз дауылы туралы ескерту жарияланып отыр.