21:07, 15 Тамыз 2021 | GMT +5
Испанияда жаңа температура рекорды тіркелді
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия автономды қоғамдастығында жаңа температура рекорды тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік метеорологиялық агенттіктің аймақтық басқармасы жексенбіде Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенбіде Монторо муниципалитетіндегі ең жоғары температура: 47,2 градус», - делінген онда.
Алдыңғы рекорд 2017 жылдың шілдесінде Кордобада (Андалусия автономды қоғамдастығы) тіркелген болатын, онда термометр бағаны 46,9 градусқа жеткен еді.
11 тамыздан Испанияның барлық дерлік аумағында аптап ыстық басталды. Салдарынан Мемлекеттік метеорологиялық агенттік кейбір провинциялардағы ауа райының қауіптілік деңгейін ең жоғары деңгей – «қызылға» көтерді.