Испанияда жарыс көлігі бір топ көрерменді қағып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Испанияның Галисия аймағында өткен автомобиль жарысында жарыс көлігі бақылаудан шығып кетіп, көрермендерді қақты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, көлік апатынан 6 адам қаза тапты, оның ішінде аяғы ауыр әйел болған.
«Жүргізушілердің бірі жылдамдықты қатты асырып жіберіп, жиналып тұрған 20-ға жуық адамды барып қақты», - деді жергілікті полиция өкілі.
БАҚ-тың хабарлауынша жарыс көлігінің жүргізушісі мен серігі тірі қалған. Алайда, олардың аман қалғандығы туралы ресми ақпарат жоқ.