Испанияда жасы 16-дан асқан адамдарға жынысы туралы мәліметті өзгертуге рұқсат берілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Испанияда жасы 16-дан асқан адамдарға жынысы туралы мәліметті өзгертуге рұқсат беретін заң күшіне енді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жабарлайды.
None
Фото: sognandobarcellona.com

«16 жастан асқан Испания тұрғындары бейсенбіден бастап азаматтық хал-актілерін жазу (АХАТ) органдарында өз жынысы туралы мәліметті ешқандай кедергісіз өзгерте алады.

Үкіметтің ресми газетінде жарияланған заң бойынша «16 жастан асқан испандық азаматтығы бар кез келген адам АХАТ кеңсесінен жынысы жөніндегі мәліметті түзетуді өз бетінше сұрай алады». Жыныс деректерін өзгертуге ниет білдірген адам бастапқы сұрау салғаннан кейін үш ай өткенде өз қалауын растауы керек», - деп жазады TАСС агенттігі.

Агенттік мәліметі бойынша, Испанияда бүгіннен бастап 16 және 17 жастағы бойжеткендер ата-анасының немесе қаморлығына алған адамның келісімінсіз жүктілікті тоқтата алатын норма күшіне енген.


Соңғы жаңалықтар