Испанияда жасыл түсті күшіктер дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда жасыл түсті күшіктер туды, деп хабарлады шетелдік БАҚ. Жергілікті мамандар мұндай жағдайдың осыған дейін кездеспегенін айтып отыр.
Испанияның Вальядолид аймағында тұратын иттің иелері жасыл күшіктердің туғанын көргенде қатты таң қалған. Олар кішкентай әрі әлсіз болған. Тіпті біреуі өліп қалған. Ал екіншісі болса түсін өзгерте бастаған. Мамандар тәжірибеде мұндай жағдайдың болмағанын айтқанымен, бұл жасыл түсті күшіктердің бірінші рет пайда болуы емес. 2012 жылы британиялық бұқаралық ақпарат құралдары жасыл түсті лабрадор күшігінің туғанын хабарлаған болатын. Бірақ он күн өткен соң иттің түсі өзгерген. Ғалымдар түстің бұлай өзгеруіне плацентте болатын зат себеп болуы мүмкін деп санайды, деп жазады Утро.ру.