Испанияда15 мың жыл бұрын тасқа қашалған көне суреттер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның солтүстік аймағында жартасқа қашалған көне суреттер табылып, осы саладағы ғалымдардың тарихи құпияларға деген қызығушылығын арттыра түсті.

Испанияда15 мың жыл бұрын тасқа қашалған көне суреттер табылды

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Испанияның Баскалар елі автономиялы аймағының мамандары Гипускоа провинциясындағы «Эрлайтс» үңгірінің жоғарғы жағынан тапқан суреттерді жария етті. Онда шамамен 22-15 мың бұрын салған ат, бұғы, өгіздердің бейнелері бар. Тасқа басылған «таңбалар» жақсы сақталған.

«Эрлайтс» үңгірі ежелгі адамдар қолөнерінің нағыз мұражайы саналатын «Экайн» үңгіріне және көне суреттер салынған басқа да бірнеше үңгірге жақын жерде орналасқан, сондықтан ғалымдар бұл ауданнан тағы да жаңалықтар ашылатынына сенімді.