Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер саны 180-ге жуықтады. ВИДЕО

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер саны 178 адамға жетті, деп хабарлайды Reuters жергілікті денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер саны 180-ге жуықтады. ВИДЕО

Қазіргі таңда 95 адам ауруханада жатыр, олардың 36-сы ауыр халде.

Естеріңізге сала кетейік, Галисиядағы Сантьяго-де-Компостела қаласының теміржол стансасы маңында пойыз апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде пойызда 218 жолаушы болған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 78 адам қаза болған.

Галисияда жеті күнге созылатын аза тұту жарияланды.