Испаниядағы жол апатында голландтық алты турист қаза болды, 36 адам жарақаттанды

ГААГА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Испанияда автобустың апатқа ұшырауы салдарынан алты голландтық турист қаза болды, 36-сы жарақаттанды,

Испаниядағы жол апатында голландтық алты турист қаза болды, 36 адам жарақаттанды

деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

Оқиға түнде Барселонадан 50 шақырым жерде орын алды, голландтық туристер курорттық қалашықтан жағалауға саяхатқа шыққан болатын. Жол апатында сондай-ақ екі жүк машинасы және екі жеңіл автомобиль соқтығысып қалды. Ал автобуста 65-тен аса адам болды, жүргізушіден басқасы - голландтықтар. Жүргізуші де ауруханаға түсті. Оның ішімдік ішпегені анықталды, бірақ та бірқатар куәгерлердің айтуынша, жылдамдықты арттырған ол бұрылыста рульді басқара алмай қалған. Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.