Испаниялық клуб Бақтиер Зайнутдиновқа ұсыныс жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Түркиялық «Бешикташ» футбол клубының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

футбол
Фото: ҚФФ

Журналист Сердар Сарыдагтың хабарлауынша, Испанияның Ла Лигасында ойнайтын «Реал Вальядолид» футбол клубы Ыстанбұл клубына Зайнутдиновты жалға беру туралы ұсыныс жасаған. Өз кезегінде Бешикташ басшылығы міндетті сатып алу опциясы бар ұсынысқа ашық болатынын айтты. 

Хабарланғандай, «Бешикташ» Зайнутдиновті міндетті сатып алусыз жалға алу мүмкіндігін қарастырмайды. 

Биылғы маусымда қазақстандық футболшы түркиялық клуб команда сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, «Реал Вальядолид» командасы ХХІ турдан кейін Ла Лигада соңғы 20-орында тұр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалғанын хабарлаған едік. 

 

 

Соңғы жаңалықтар