Испаниялық археологтар Лорканың қабірін қазуды бастайды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, қазанның 26-сында испаниялық археологтар 1936 жылы Азаматтық соғыстың алғашқы күндерінде франкшылар өлтірген испан ақыны Федерико Гарсиа Лорканың қабірін ресми қазуды бастайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Ақынның ықтимал мүрдесі қазып алынып,  қазір көзі тірі туыстарының ДНК-сімен салыстыру үшін одан ДНК үлгілерін алады және сәйкестендіру оң нәтиже берген жағдайда Лорканың сүйегі құрметпен қайта жереленеді.

Лорканың отбасы ұзақ жылдар бойы ақынның мүрдесін қазуға қарсы болып келген. Алайда Испанияда 2007 жылы «Тарихи ескерткіштер туралы» заң қабылданғаннан кейін Лоркамен бірге атылған франкшылардың басқа да құрбандарының туыстары мүрдені ашуға және оларды тануға берілген құқықты сот арқылы талап етті. Сот бұл талаппен келісті және ақынның туыстары ақыр соңында Гранада маңындағы ортақ зиратты қазуға келісімдерін берді.

Соңғы жаңалықтар