Испанияның Лерида қаласында бурка мен никаб киюге тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның шығысындағы Каталония өңірінде орналасқан Лерида қаласында қоғамдық орындарда әйелдердің бет-жүзін толық жауып тұратын никаб пен бурка киюіне тыйым салынды, деп хабарлайды Анадолы.

а
Фото: Анадолы

Лерида қалалық кеңесі «Азаматтардың тәртібі және бірге өмір сүру туралы» қаулы қабылдап, бурка немесе никаб сияқты бетті толық жауып тұратын киімдерді киюге тыйым салды.

Лерида әкімшілігін Каталония социалистік партиясы (PSC) мен «Каталония үшін бірлік» (Junts) партиясы құрайды. Қаулыға сәйкес, бурка мен никаб киюге қойылған талапты бұзғандарға 400-ден 750 еуроға дейін айыппұл салынады.

Тыйымнан діни ғибадат орындары және бурка мен никаб киюге рұқсат етілген басқа да нысандар алып тасталды.

Лерида мэрі Феликс Ларроса бұл шешім қаладағы мұсылман қауымдастығы өкілдерімен консультациялар өткізілгеннен кейін қабылданғанын айтты. Қала халқының шамамен 9%-ын мұсылмандар құрайды.

Бурка мен никаб киюге тыйым салу мәселесі Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің мәлімдемелерінен кейін Еуропада қайтадан күн тәртібіне шықты.

Бүгін Италия үкіметі де мектептерде бурка мен никаб сияқты бетті жауып тұратын киімдерді киюге тыйым салатын қаулыны мақұлдады.

Осыған дейін Атырауда ер адам никаб киген бойжеткенді аяусыз ұрғанын жазған едік.