22:55, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Испанияның бірінші Премьер-министрі Адольфо Суарес өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның бұрынғы Премьер-министрі Адольфо Суарес 82-ге қараған жасында Мадридте өмірден озды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.
1976 жылы Король Хуан Карлос І бастамасы бойынша Суарес испандық үкіметтің бірінші төрағасы болып тағайындалды. Оның тікелей қатысуымен саяси партиялар заңдастырылып, алғашқы демократиялық сайлау өткізілді, сондай-ақ елдің конституциясы қабылданды.
1981 жылы Суарес Премьер лауазымынан өз еркімен отставкаға кетті.
1990 жылдардың аяғында саясаткердің денсаулығы нашарлап, өмірінің соңына дейін ол Мадридтегі үйінде тұрақтады.