Испанияның Бургос қаласындағы жарылыстың салдарынан ондаған адам жараланды

АСТАНА.  Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат -  Испанияның Бургос  қаласында бүгін  жарылыс  болды.  Азаматтық  гвардия казармасының  жанына  біреулер  мина қойылған автокөлікті   қойып  кеткені анықталып  отыр. 

Испанияның Бургос қаласындағы жарылыстың салдарынан  ондаған  адам   жараланды

Жарылыс  болған  орында  үлкен шұңқыр  пайда  болды,   казарма мен оның төңірегіндегі  ғимараттар   зақымданды. 37 адам        жараланды,  деп  хабарлайды   ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оқиғаның  мән-жайын тексеріп  жатқан  полицияның мәліметі  бойынша,    жарылыс -   басктердің ЭТА лаңкестік  ұйымының ісі.     Кастилия және  Леон    автономиялық облысы  өкіметінің  өкілі  Хайме  Матеудің айтуынша,  «құдай сақтап,  адам құрбандықтары  болған жоқ.  Себебі  азаматтық гвардияшылардың    отбасылары    қазір демалыста».

ЭТА  ұйымының  соңғы   лаңкестік әрекеті    ағымдағы жылдың маусым  айында орын  алған еді,   сол жолы     машинаға қойылған   бомбадан  испандық полицияның  инспекторы  қаза  тапты.