Испанияның футбол құрамасы Бразилияға келіп жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның футбол құрамасы әлем чемпионы атағын қорғау үшін Бразилияға келді, деп жазады rosbalt.ru.
Мәліметтер бойынша, футболшылар ұшағы Вашингтоннан шығып, Куритибаға қонды. ӘЧ топтық кезеңінде испандықтар 13 маусымда - голландиялық құрамамен, 18 маусымда - чилилықтармен, 23 маусымда - австралиялықтармен бақ сынасады.