Испанияның солтүстігінде автомобиль жарылысының салдарынан 46 адам жарақаттанды

МАДРИД. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Испанияның солтүстігіндегі Бургос қаласында автомобиль жарылысының салдарынан 46 адам зардап шекті,

Испанияның солтүстігінде автомобиль жарылысының салдарынан 46 адам жарақаттанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Азаматтық гвардия барақтарының жанында сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де орын алды. Зардап шеккендер - гвардияшылар мен олардың отбасылары. Олардың көбісі сынған әйнектердің жарықшақтарынан жарақаттанған.

Жарақаттанғандардың бір бөлігі ауруханаға жеткізілді, оларға қажетті көмек көрсетілуде.

Газеттер Баскілер елінің тәуелсіздігі үшін күрес жүргізіп жатқан ЭТА баскілік ұлттық ұйымы ұйымдастырды деп көрсетуде.

Соңғы уақыттары ЭТА-ның ұстанымы айтарлықтай босаңсыған болатын. Оның бірнеше басшылары тұтқындалды.