Ыстамбұл мен Коджаэлиде су тасқынынан қаза тапқандар саны тоғызға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ыстамбұл мен Коджаэлиде су тасқынынан тоғыз адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Число погибших при наводнениях в Стамбуле и Коджаэли достигло девяти
Фото: ankaramasasi.com.tr

Түркияның ankaramasasi басылымының хабарлауынша, 14 қазанда Ыстамбұл мен Коджаэлиде болған су тасқынынан қаза тапқандар саны тағы екі адамның сүйегі табылғаннан кейін тоғызға жетті. 

Ыстамбұлдағы Алтын мүйіз шығанағының Айвансарай паром айлағы маңынан Хашим Джиритлиоглудың сүйегі табылды. Бұған дейін осы шығанақтағы «Алтынбойнуз» кешенінің жанынан Түрікменстан азаматы Мурат Бабаджановтың сүйегі табылған еді. Ол Айазага жылғасы арнасынан асқан кезде жоғалып кеткен болуы мүмкін.

Сондай-ақ Ыстанбұлдың Пендик ауданынан Коджаэли провинциясының Гебзе ауданында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен Доган Арсланның сүйегі табылды. Бұған дейін Фатих Демирташ пен Мұстафа Гедиклидің сүйегі табылған еді.

Су ағыны көлігін алып кеткен Ахмет Деринді іздеу әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар оның қайда екенін анықтау үшін тиісті шараларды қолға алды.

Еске сала кетейік, Ыстамбұлдағы табиғи апаттан кейін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.