Ыстамбұлда алкогольден уланып, қайтыс болғандар саны 11-ге жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Ыстамбұлда қолдан жасалған алкоголь өнімдерін өндірумен және таратумен айналысқан екі Түрікменстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы хабарлады.

Алынған ақпаратқа сәйкес, соңғы тәулікте Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға түскендердің 11-і қайтыс болды.
Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.
Ауруханаға келгендердің 26-сы шетелдік екені белгілі болды.
Осы оқиғаға қатысты екі Түрікменстан азаматы қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінгі таңда жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6-ға жетті. Оның 5-еуі ер адам, 1-і әйел адам.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлда бір күнде 5 Өзбекстан азаматы қолдан жасалғанған ішімдіктің кесірінен қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.