Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды

АСТАНА.KAZINFORM  - Ресей мен Украина өкілдерінің кездесуі аяқталды. Келіссөздер Ыстанбұлдың Чыраган сарайында жабық есік жағдайында өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды: диалог бір сағаттан артық уақытқа созылды
Фото: turkiyegazetesi.com.tr

Жалпы, екі мемлекет делегацияларының кездесуі бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Келіссөзге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да қатысып, Анкараның бітімгершілік процесіндегі делдалдық рөлін жалғастыруға дайын екенін растады.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды: диалог бір сағаттан артық уақытқа созылды
Фото: turkiyegazetesi.com.tr

Келіссөзге Ресей тарапынан президенттің көмекшісі Владимир Мединский қатысты. Ресей делегациясының құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин болды.

Украина делегациясын Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарды. Оған сондай-ақ Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислиц және бұрын Украина президенті Владимир Зеленский бекіткен басқа да ресми өкілдер кірді.

Келіссөздердің бұл раунды осы жылдың 15-16 мамырында басталған диалогтың жалғасы болды. Ол кезде тараптар 2022 жылдан бері алғаш рет Долмабахче сарайында тікелей келіссөздер жүргізді. Сол кезде бірқатар алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Оның ішінде «1000-ға 1000» келісімі бойынша әскери тұтқындар алмасу, болашақта бейбіт келісімге келу формуласын талқылау, келісімге келу мәселелері қаралды.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды: диалог бір сағаттан артық уақытқа созылды
Фото: turkiyegazetesi.com.tr

23-25 ​​мамыр аралығында тараптар қақтығыс басталғаннан бергі ең ірі тұтқын алмасуды сәтті жүзеге асырды. Барлығы үш күн ішінде әр тарап 900-ден астам адамды, оның ішінде әскери қызметкерлерді де, бейбіт тұрғындарды да ауыстырды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Мәскеу екінші турды Ыстанбұлда өткізуді ұсынып, Ресейдің бейбіт реттеу принциптеріне деген көзқарасын қамтитын меморандум дайындады. Құжат әлі жарияланған жоқ.

Өз кезегінде Украина тарапы өз меморандумдарының нұсқасын ұсынып үлгерді. Онда тез арада атысты тоқтату және Қырым, ДХР, ЛХР, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарының Ресейдің бір бөлігі ретінде құқықтық мәртебесін мойындаудан бас тарту сияқты бірқатар негізгі шарттар белгіленген.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды: диалог бір сағаттан артық уақытқа созылды
Фото: turkiyegazetesi.com.tr

Отырыстың барысы мен нәтижесі туралы әлі ресми түсінік берілген жоқ. Алайда Түркияда бейтарап платформада келіссөздердің жаңа раундын өткізу фактісінің өзі қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу әлеуетінің жалғасуының белгісі ретінде қабылданады.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі басталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар