Ыстанбұлда шіркеуге жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен 17 адам ұсталды

стамбул
Фото: aa.com.tr

АСТАНА. KAZINFORM - Ыстаyбұлда жүргізілген операция барысында Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуіне жасалған шабуылға қатысы бар 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

Шабуыл салдарынан бір адам қаза тапқан. 

Қауіпсіздік күштері көздерінен алынған мәліметке сәйкес, Түрік барлау ұйымы (MİT)

Қауіпсіздік Бас басқармасымен бірге жүргізген тергеу барысында Санта-Мария шіркеуіне жасалған шабуылға қатысы бар адамдар анықталды. 

Ыстанбұлдағы операция ел аумағында болуы мүмкін шабуылдардың алдын алу мақсатында жүргізілді. 

Операция барысында 17 күдікті ұсталып, мекенжайларды тінту кезінде ұйымның көптеген құжаттары тәркіленді.

Түрік барлау қызметтері жүргізген жұмыстарының арқасында 2023 жылдың желтоқсан айында Түркиядағы синагогалар мен шіркеулерге, сондай-ақ Ирак елшілігіне қарсы жоспарланған ДАИШ лаңкестік әрекеттерінің алды алынды. Көптеген күдікті ұсталып, ұйымға тиесілі цифрлық материалдар тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар