Ыстанбұлда қарулы ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады
ЫСТАНБҰЛ. KAZINFORM — Ыстанбұлда Чағлайан аудандық сот ғимаратының кіреберісіндегі күзет пунктіне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерликая Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Оның айтуынша, шабуыл жасаған екі адам (ер адам және әйел) өлтірілді.
Шабуыл салдарынан 6 адам жарақат алды, оның арасында полицияның үш қызметкері бар, деп хабарлады министр.
⚠️ In #Istanbul, a man and a woman attacked a courthouse: five people were injured, including three policemen. The attackers were eliminated. pic.twitter.com/Ntrf8xq5PN
— Oo ps (@ps_trump) February 6, 2024
Оқиға жергілікті уақытпен сағат 11:46-да болған, деп нақтылады ведомство басшысы.
Министрдің хабарлауынша, шабуыл жасағандар DHKP/C лаңкестік ұйымының мүшелері болған.