Ит-мысығын ветеринарға жиі апаратындар Астана мен Таразда тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 33 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ит-мысығын ветеринарға жиі апаратындар Астана мен Таразда тұрады

Ұлттық статбюро мәліметінше, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.

Ветеринария саласындағы қызмет көлемі ең төмен өңір Ұлытау облысы - 362 млн теңге.