Ит жегіп алған ер адам Семей көшесімен қыдырып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей көшелерінің бірінде көпшілік итті жегіп алған ер кісіні көріп жағаларын ұстады, деп жазады nur.kz.

Ит жегіп алған ер адам Семей көшесімен қыдырып жүр

Видеода ер адам итті ара-арасында қолындағы шыбығымен қамшылап қояды. Жалғыз жегілген ит шөлдегеннен болу керек, шалшықтарға асыққаны байқалады. Көлік жүргізушілері мұндай оғаш қылық танытқан азаматқа таңданыстарын жасырмады.