Итальян суретшісі ерекше 3D картиналарын ұсынды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал итальяндық суретшісі Марчелло Баренги көпшілікке соңғы салған 3D картиналарын ұсынды.

Итальян суретшісі ерекше 3D картиналарын ұсынды  - ФОТО

Марчелло Баренгидің есімі өнер әлемінде кең танымал. Ол көпшілікке иллюстратор және графикалық дизайнер ретінде белгілі болған. Сондай-ақ қазіргі өнер әлемінде суретші-гиперреалист деп танылған талант иесі. Оның суреттерінің ерекшелігі қарапайымдылығы мен 3D форматында ұсынылуында болып отыр. Атап айтқанда, ол әдетте суреттерінде қарайым дүкендерде сатылатын, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттарды салады, деп жазады day.az.

Айта кетерлігі,бір суретке шамамен 4-6 сағат жұмсайды. Сонымен қатар, Марчелло Баренги өзінің YouTube-тағы каналында сурет сабағын береді.