Итальяндық әнші Сон Паскальдың қазақ тіліндегі әнге түсірілген бейнебаяны Еуропада айналымға шығарылады

АЛМАТЫ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда белгілі итальяндық әнші Сон Паскаль «Айналайын» бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. Бейнебаян маусым айында Оңтүстік Италияда түсіріліпті. Қазақ және итальян тіліндегі әнді ол танымал композитор Альбано Карризимен (Felicita, Ci Sara, Sharazan танымал хиттері; 65 миллион дискісі сатылған) бірлесе жазып, орындаған.
None
None

Бейнебаян шілде айынан тамызға дейін Италияның ұлттық теле және радио арналарынан, ең алдымен, Deejay деп аталатын ірі медиахолдингте көрсетілетін болады, онда үлкен жетістікпен 20 сериялық Паскальдың Қазақстандағы оқиғалары туралы Pascalistan реалити-шоуы көрсетілген болатын. Аталған шоудың рейтингісі көтерілгені соншалық, тіпті телеарна екінші кезеңіне тапсырыс беріпті. Әншінің шығармашылығы Қазақстанда да танылып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум